Мектеп оқушыларына қатысты анықталған буллинг фактісі бойынша Уәлиханов ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы

2025 жылғы 24 қыркүйекте Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Т.Қ.Сағитовтың төрағалығымен мектеп оқушыларына қатысты анықталған буллинг фактісі бойынша Уәлиханов ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Комиссия жұмысына мектеп директорлары, тәрбие жөніндегі орынбасарлар, әлеуметтік-психологиялық қызмет өкілдері және оқушылардың сынып жетекшілері қатысты.

Оқушылар арасында буллинг фактілерін уақтылы болдырмау мақсатында әлеуметтік-психологиялық қызметке оқу процесі кезінде де, кешкі уақытта да уәкілетті органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және оқушыларды бақылау бойынша ұсыныстар берілді.