2025 жылғы 24 қыркүйекте үлкен мәжіліс залында аудан әкімі М.Т.Абдуловтың төрағалығымен Уәлиханов ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Отырыста мектеп пен колледжге бармайтын балалар мен жасөспірімдерді анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, маскүнемдікпен, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, психикалық ауытқушылықпен ауыратын адамдарды анықтау, есепке алу және бақылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сұрақтар тыңдалды. Ауданда проблемалық объектілердің құрылысын аяқтау жоспарының нәтижелері туралы, денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы.
Өткізілген отырыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.