Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау айлығына дайындық аясында Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Т.Қ.Сағитов 2025 жылғы 16 қыркүйекте аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Кішкенекөл ауылдық округі әкімі аппараты өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.
Аудан әкімінің орынбасары Т.Қ.Сағитов айлықтың аясында кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына қайырымдылық көмекке мұқтаж жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды бекіту бойынша жұмыстар ұйымдастырылатынын атап өтті.
Сондай-ақ, қарттар айлығы қарсаңында аудан зейнеткерлерінің қатысуымен бірқатар қайырымдылық акциялар, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар жоспарланған.