2025 жылғы 29 тамыз күні Ш.Ш. Уәлиханов атындағы орталық алаңда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Конституция – еліміздің тұтастығы мен тұрақтылығының, бейбіт өміріміздің негізі. Ол – әр азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ететін басты құжат, бірлігіміздің символы.
Осы мерекелі күні өз ісіне адалдық танытып, ерекше көзге түскен бірқатар мамандар облыс және аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды. Ауданымыздың дамуына қосқан үлестері үшін баршаңызға алғыс білдіремін.
Мерекелік шара аясында ән мен би шырқалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ардагерлер кеңесі мен қоғамдық кеңес мүшелеріне, сондай-ақ барша қатысушыларға алғысымды білдіремін.
Құрметті жерлестер! Конституция күні құтты болсын! Әр шаңырақта бейбіт өмір мен бақ-береке болсын!