Уәлиханов ауданына көшуге ниет білдірген қандастармен кездесу өтті

Уәлиханов ауданына көшуге ниет білдірген қандастармен кездесу өтті

21 тамыз күні аудан әкімі Мұрат Абдулов ауданға көшуге ниет білдірген қандастармен арнайы кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мұрат Абдулов ауданның географиялық орны, ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік инфрақұрылымы туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар Қазақстанға көшу тәртібі мен қажетті құжаттар тізімі туралы түсініктемелер берілді.

Қазіргі таңда 2 отбасы көшуге ниет білдіріп отыр. Олар үшін тұрғын үй мәселесін шешу, балаларды мектепке орналастыру, медициналық қызмет көрсету, сондай-ақ жұмысқа орналасу бағытындағы нақты қолдаулар қарастырылуда.

Аудан әкімі олардың жаңа ортаға тез бейімделуі үшін барлық қажетті жағдайды жасауға әзір екенін жеткізді.