2025 жылғы 2 шілде күні ауданымызға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Перепечина Ольга Валентиновна, Рахметова Әсем Қалашбайқызы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мәмбетов Еркебұлан Нұрмағамбетұлы, Колода Дмитрий Владимирович және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Бубенко Владимир Степанович келді.
Сапар барысында депутаттар Кішкенекөл ауылынан Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараға дейін 213-280 км қашықтықта республикалық автожолының жөндеу жұмыстарымен танысты, Ақтүйесай ауылында денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жөніндегі Жол картасы шеңберінде салынған фельдшерлік-акушерлік пунктке барды, Бидайық ауылындағы насостық станциясының техникалық жай-күйімен және жұмыс істеуін қарады. Бидайық ауылында азаматтарды қабылдап, тұрғындардың өтініштерін тыңдап, жергілікті жерлердегі өзекті мәселелермен танысты.