Тағайындау

Тағайындау

Уәлиханов ауданы әкімінің 2025 жылдың 25 маусымындағы № 279-ө-ж/қ  өкімімен Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына Жәнібек Ханыбекұлы Шаимов тағайындалды.

Жәнібек Ханыбекұлы Шаимов 1980 жылдың 22 қыркүйегінде  Солтүстік Қазақстан облысы Қзылту ауданы Қзылту кентінде дүниеге келген.

2012 жылы «Көкше» академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, 2021 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «педагогика және психология»  мамандығы бойынша аяқтап, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

 

Еңбек жолы:

12.08.2005-29.02.2008 жж. – «Қызылту ұн үктіру комбинаты» ААҚ-нің менеджері;

13.04.2011-14.10.2011 жж. – «Қызылту Астық» ЖШС-нің күзетшісі;

18.10.2011-13.03.2013 жж. – Ақжар ауданының  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы мұғалімі;

28.08.2020-02.10.2023 жж. –балалар жасөспірімдер клубының оқу ісі бойынша меңгерушісі;

22.04.2013 жылдан 2025 жылғы 24 маусымға дейін Уәлиханов ауданының білім бөлімінің әдіскері қызметін атқарды.