Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында 2025 жылғы 19 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Қ.Сағитовпен ауылдық округ әкімдері және мемлекеттік мекеме басшылары арасында семинар-кеңес (zoom арқылы) өткізілді.
«Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасына жоғары талаптар қояды», - деді Әдеп жөніндегі уәкіл Т.Қ.Сағитов.
Семинар-кеңес барысында мемлекеттік қызметшілерге жалпыға бірдей қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін алкогольдік масаң күйде болу жағдайларын болдырмау, билікті асыра пайдалану, оның ішінде пара алу және беру, қызметтік автокөлікті тек нысаналы мақсаты бойынша пайдалану, сондай ақ мемлекеттік қызмет салаларында ойынға тәуелділік пен құмар ойындарға әуестенуге жол бермеу ұсынымдары берілді.