Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы
2024 жылғы 15 мамырда сағат 10-30-де Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Қ.Баймұқановтың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша 2024 жылғы 1 тоқсандағы жұмыс қорытындысы туралы (баяндамашы: Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ж.Хасенов) және жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы (баяндамашы: Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы А. Жауарова).
“Электрондық мемлекеттік қызметтерді алудың артықшылықтары тақырыбында көрсетілетін қызметті алушылармен 1 семинар және 1 оқыту өткізілді, электрондық мемлекеттік қызметтерді алудың әдістері мен тәсілдерін түсіндіру бойынша 100 брошюра таратылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 1 интернет-конференция өткізілді.
Аудандық «Қызылту» газетінде жыл сайынғы а/ш машиналарын техникалық байқаудан өткізу тәртібі мен мерзімдері және жылжымалы мүлік кепілі шарттарын тіркеу ережелері туралы 1 мақала жарияланды.
2024 жылдың 3 айында келіп түскен өтініштерді және басқа да бұзушылықтарды тіркеу мерзімдерін бұзуға жол берілмеді, мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдар түскен жоқ.” - деді Ж.Н. Хасенов.
“Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында ауылдық округ әкімінің аппаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылды (стандарттар, көрсетілетін қызметтердің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініш үлгілері, шағымдар журналы). Осыған ұқсас ақпарат ауылдық округтің сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.” - деп хабарлады ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы А.З. Жауарова.
Ақпарат қабылданып, нақты ұсыныстары бар хаттамалық тапсырмалар берілді.