
2026 жылғы 11 тамызда Кішкенекөл ауылының Вокзальная көшесінде Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаты Г.Н. Баймағанбетованың және Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі А.Т. Қойшыбаевтың қатысуымен тұрғындармен кездесу өтті.
Кездесу барысында тұрғындар көшені абаттандыру және дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, балалар ойын алаңын абаттандыру, Вокзальная көшесіндегі жол жамылғысының жағдайы, сондай-ақ автобус қатынасын ұйымдастыру және оның бағыты мәселелері талқыланды.
Көтерілген барлық мәселелер бойынша тұрғындарға тиісті түсініктемелер берілді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар өз ұсыныстарын білдіріп, орын алып отырған мәселелерді жеткізуге мүмкіндік алды.
Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.
11 августа 2026 года по улице Вокзальной села Кишкенеколь состоялась встреча с жителями с участием депутата Уалихановского районного маслихата Г.Н. Баймаганбетовой и акима Кишкенекольского сельского округа А.Т. Койшибаева.
В ходе встречи жители озвучили ряд актуальных вопросов, касающихся благоустройства и развития улицы. В частности, были обсуждены вопросы обустройства детской игровой площадки, состояния дорожного покрытия по улице Вокзальной, а также организации и маршрута автобусного сообщения.
По всем поднятым вопросам жителям были даны соответствующие разъяснения. Обсуждение прошло в формате открытого диалога, жители смогли высказать свои предложения и обозначить имеющиеся проблемы.
Работа по обращениям и предложениям жителей будет продолжена.