Мал ұрлығының алдын алу

Мал ұрлығының алдын алу

Мал ұрлығының алдын алу

Мал ұрлығының алдын алу мақсатында «Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметкерлері Уәлиханов ауданының полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп профилактикалық акция өткізді.Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына мал ұрлығының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға малды уақытылы тіркеу және сәйкестендіру, қараусыз жайылымға жібермеу, сондай-ақ күмәнді адамдар мен жағдайлар туралы полицияға дереу хабарлау қажеттігі түсіндірілді.Акция соңында тұрғындарға мал ұрлығының алдын алу жөніндегі ақпараттық брошюралар таратылды. Мұндай іс-шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың мүлкін қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Профилактика скотокрадства

В целях предупреждения скотокрадства сотрудниками КГУ «Аппарат акима Кишкенекольского сельского округа» совместно с сотрудниками отдела полиции Уалихановского района проведена профилактическая акция.В ходе мероприятия жителям села были разъяснены основные меры по предупреждению кражи сельскохозяйственных животных. Особое внимание уделено необходимости своевременной регистрации и идентификации скота, недопущению бесконтрольного выпаса, а также незамедлительному обращению в полицию при выявлении подозрительных лиц или фактов.В завершение акции жителям были розданы информационные брошюры с рекомендациями по профилактике скотокрадства. Подобные мероприятия направлены на повышение правовой грамотности населения, обеспечение сохранности имущества граждан и предупреждение правонарушений.