Халыққа мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратында «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді.
«Connection Point» секторының көмегі арқылы компьютермен жұмыс істеу тәжірибесі жоқ азаматтар электронды үкімет порталы арқылы өз бетінше пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуге үйретілуде, бұл оларға барлық электрондық мемлекеттік қызметтерді үйлерінен шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді.