Тағайындау

Тағайындау

Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылдың  06 тамыздағы № 03 шешімімен  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі лауазымына Ғалиасқар Ідірісұлы Жүкенов тағайындалды.

Ғалиасқар Ідірісұлы 1969 жылдың 16 ақпанда  Көкшетау облысы Қзылту ауданы Қзылту ауылында дүниеге келген.

2001 жылы ҚР ІІМ Қостанай жоғарғы мектебін «заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1986 жылы Көкшетау жол дистанциясында 1 санаттағы жол монтері  ретінде бастаған. Жұмысқа орналасар алдында 2023 жылдан Орлиногорск орман шаруашылығының орман инспекторы болған.