Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету

Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлiгi

Облыстардың, Алматы,
Шымкент және Нұр-Сұлтан
қалаларының әкiмдiктерi

ҰКП «Атамекен»

Автомобиль көлiгiмен
жолаушыларды тасымалдау
саласындағы ассоциациялар

Автовокзалдар мен автостанциялар

ТЕЛЕФОНХАТ

Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi Мемлекеттiк комиссия отырысының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 2 хаттамасының (бұдан әрi — Хаттама) 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына кiруге/шығуға 2020 жылдың 19 наурызы 00:00 сағаттан бастап шектеу қойылды.

Аталған шектеу а.ж. 22 наурызы сағат 00:00-ге дейiн төмендегi тұлғаларға:

  • бұрын қаладан шыққан Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары тұрғындарының қалаға қайта оралуына;
  • бұрын қалаға басқа өңiрлерден келген тұлғалардың қаладан шығуына таралмайды.

Сондай-ақ, Хаттаманың 6-тармағына сәйкес 2020 жылдың 22 наурызы 00:00 сағатынан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына қатынайтын автомобиль көлiгiнiң барлық түрiмен жолаушылар тасымалы тоқтатылады және транзиттiк жолаушы тасымалдары қала аумағына кiргiзiлмейдi.

Айтқандарды ескере отырып, осы iс-шараларды жүзеге асыруға қатысты өз құзыреттерiңiз шегiнде тиiстi жұмыстарды (мүдделi тұлғаларды ақпараттандыру, билеттердi сатуды iрiктеу және тоқтату т.б.) уақтылы жүргiзу керектiгiн ескертемiз.

Хаттаманың 2-тармағының 7) тармақшасы бойынша аталған шектер жүк автокөлiк құралымен жүк тасымалдарына (транзиттi қоса алғанда) қойылмайды.

Вице-министр А.Ержанов