FlyArystan Петропавлға алғаш рет ұшты

FlyArystan Петропавлға алғаш рет ұшты

FlyArystan бүгiн Алматыдан Петропавлға алғаш рет ұшты. Бүгiннен бастап бiржақты билет құны 9999 теңгеден басталатын тұрақты рейстер аптасына 4 рет — дүйсенбi, сәрсенбi, жұма және жексенбi күндерi орындалатын болады. Билеттер сатылымы flyarystan.com сайтында 2020 жылдың 25-шi қазанына дейiн ашық. Петропавлдан Алматыға ұшқан рейс кеше бiрiншi сапарын орындаған Көкшетау-Алматы бағытындағы рейстен кейiн ашылды.

Петропавл қаласы әуекомпанияның үлкейiп келе жатқан бағдарлар кестетiндегi 13-шi қала. Өткен аптада әуекомпания бар болғаны 10 айдан астам уақыттың iшiнде өзiнiң 1 миллионыншы жолаушысын тасымалдағанын жариялаған едi.

«Петропавлдан Алматыға ашылған бұл рейс жергiлiктi тұрғындар мен халық арасында сұранысқа ие болады деп үмiттенемiз. Солай болған жағдайда, бiз сапарлардың санын арттырып, Петропавлға қатынайтын бағыттардың көбеюiн қарастыратын боламыз. Сонымен қатар бұл шараның өткiзiлуiне күш салған жергiлiктi әуежай мен әкiмшiлiктiң еңбегiн атап өткiм келедi», — дедi FlyArystan-ның басқарушы директоры Тим Джордан.

«Бiздiң басты кеңесiмiз — билеттi ерте брондап, ақшаны барынша аз төлеңiз. Бiз ең бiрiншiден төмен бағадағы орындарғы сатамыз, сондықтан солтүстiкке немесе оңтүстiкке ұшқыңыз келсе, саяхатыңызды алдын ала жоспарлаған жөн», — деп жалғастырды ол.

Петропавл және Көкшетау қалаларына ашылған бағыттар әуекомпанияның флотына қосылған бесiншi борттың арқасында ашылды. Жаңа Airbus A320 ұшағы Алматы әуежайында негiзделетiн болады. Сәуiр айында ұшып келгелi отырған алтыншы ұшақ Қарағанды қаласында тұрақтайтынын естерiңiзге саламыз.