FlyArystan лоукостердiң бас қағидаларымен таныстырды

FlyArystan лоукостердiң бас қағидаларымен таныстырды

2020 ж. 20 ақпан
Петропавл қ.

2020 жылдың 13 нарузынан бастап FlyArystan отандық лоукостердiң ұшақтары Алматыдан Петропавлға қатынайтын болады. Лоукостер жұмысының бас қағидаларымен, бюджеттiк компанияның баға саясаты мен келешекте Петропавлдан қайда ұшуды жоспарлап отырғаны туралы бүгiн Солтүстiк Қазақстан облысының бас қаласында өткен пресс-брифингте әуекомпанияның сату және маркетинг бөлiмiнiң директоры Жанар Жайлауова айтып кеттi.

Әуекомпанияның алғашқы рейсi 2019 жылдың 1 мамырында Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша орындалға болатын. Бiр жылдан аз уақыт iшiнде әуекомпания барлық бағыт бойынша 1 200 000 шамасында билеттi сатып, 900 000 мыңға жуық жолаушыны тасымалдап үлгерiптi. Сатылған билеттiң ¼ бөлiгi — биылғы жылдың 25 қазанына дейiнгi рейстерге алдын ала сатып алынған екен. Мұның бiрден-бiр себебi — дәл осы уақытқа дейiн орындалатын рейстерге билет сатылымы flyarystan.com сайтында ашық.

«Билеттi неғұрлым ерте сатып алсаңыз, соғұрлым арзан ала аласыз. Әуебилеттер құны бiрқалыпты емес және де бiрнеше себеппен өзгерiп отыратынына назар аударған жөн. Бағаның өзгеруi сұраныс, мерзiмдiлiк, борттың қаншалықты толық екендiгi, билеттi сатып алу уақыты және де басқа факторларға тiкелей байланысты. Сұраныс жоғары кезеңдер — мейрам, демалыс күндерi, мектептегi демалыс және де, әрине, жазғы уақыт кезеңi. Бұл кезде туған-туысқандарына, қонаққа барамын деушiлер, саяхатшылар белсеңдiлiгi артады. Билеттi бiрнеше күн бұрын немесе күнбе-күн сатып алсаңыз, оның бағасы тұрақты компаниялардан кем емес болуы әбден мүмкiн. Сол себептi жазда жоғары дефицит болып, орындар болмай жатады, я болмаса бағасы қымбаттап кетедi. Биыл минималды бағамен билеттер одан да тез сатылып кетуi ықтимал. Мұның бiрден-бiр себебi — жолаушылар лоукостердiн жұмысымен таныс болды, билеттердi ертерек алу керектiгi туралы түсiстiктерi артты. Биыл ыстық маусымда ұшақтар саны 6 болса, күнделiктi бағдарлар кестесiнде барлық бағыттар бойынша 35 рейске дейiн болмақ», — деп ойымен бөлiстi Жанар Жайлауова.

Директордың сөзiнше билеттердi сатып алар алдында мiндеттi түрде тариф ережелерiмен, оның iшiнде қайта брондау мен қайтару туралы таныс болған абзал. Лоукостерлер төмен бағаларды ұсынады, алайда ұшу күнiн ауыстыру кезiнде, я болмаса ақшаны қайтаруды рәсiмдеу кезiнде жоғары айыппұлдарды қолдануы мүмкiн. «Дәл осы күнi ұшуға дайын болмасаңыз, онда айыппұлы азырақ билетке назар аударыңыз. Бiздiң компанияда бұл тариф «Икемдi» деп аталады», — деген кеңесiн бердi компания директоры.

Компанияның барлық дерлiк рейстерiнде борттар 93-95% толады, сонымен қатар сапарларды уақытылы орындау көрсеткiшi былтыр желтоқсанға дейiн 90-92% болатын. Алайда қыстың басталуымен, ауа-райының бұзылуымен бұл көрсеткiш 80% дейiн төмендеген. Көктемде бiз қайтадан жоғары деңгейге жетемiз деген сенiмдемiз.

Эйр Астана тобы мүшесi ретiнде,FlyArystan әуекомпаниясы қауiпсiздiктi бiрiншi кезекке қояды. Сондықтан бiз техникалық қызмет көрсету сұрақтарында үнемдемеймiз және Эйр Астананың инженерлерi қызметтерiне тұрақты түрде жүгiнемiз.

Қазiргi таңда алғашқы отандық лоукостер әуефлотында 4 Airbus A320 әуелайнерi бар. Олардың орта жасы 6,5 жыл, ал борттың салоны 180 Recaro Slim орындықтарымен жабдықталған. 2020 жылдың наурызында әуекеме саны көбейiп, бағдарлар кестесiнiң кеңеюi күтiлуде. Олардың iшiнде жаңадан Петропавлов, Көкшетау, Қызылорда мен Ақтөбе қалалары болмақ. Бүгiн бiздiң әуебекеттер Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында болса, үстiмiздегi жылдың көктемiнде тағы бiр қалада — Сарыарқа халықаралық әуежайында ашылмақ.

Естерiңiзге сала кетсек, 2018 құрылған алғашқы отандық лоукостер, әлемнiң бюджеттiк компаниялары тәжiрибесiне сай қызмет атқарып, жолаушыларға арзан бағаға сапар шегудi ұсынады. Ал қосымша жолжүктi 15-60 келi аралығында, белгiлi бiр орынды таңдау (бiрiншi қатарлар, терезе алдында, өткел бойында, стандартты орындар және т.б.), борттық тағам және т.б, әрбiр жолаушы қосымша ақы төлеп ала алады. Базалық минималды тариф билет пен 5 кг қолжүгiнен (мөлшерi 56*36*23 см аспауы тиiстi) құрылса, «Комфорт» пен «Комфорт плюс» топтамаларын таңдаған саяxатшылар оған қоса 20 кг жолжүгiн алып, қалаған орында таңдап, қажетiнше ұшып шығу уақытын өзгерте алатынын атап кеткен жөн. Әуетасымалдаушы барша жолаушыларға әрқашан тарифережелерiмен flyarystan.com сайтында таныс болуға кеңес бередi. 

FlyArystan әлеуметтiк желiлерi:

Instagram: https://www.instagram.com/flyarystan/

Facebook: https://www.facebook.com/FlyArystan/

YouTube: https://www.youtube.com/channel/UCCNKeiGTetmdaNUDw7coeQQ

Vkontakte: https://vk.com/flyarystan_official

Telegram: @FlyArystan_official                                                     

Фотоны келесi сiлтеме бойынша ала аласыз: https://cloud.mail.ru/public/2Xu3/45ceHLww5

FlyArystan бюджеттiк әуекомпаниясы — Алматы қаласында негiзделiп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестенiп, Орталық Азия мен Үндiстандағы ең үздiк компания деп танылған, «Эйр Астана» әуетасымалдаушысының бөлiмшесi.

2022 жылға қарай парктегi әуекемелер санын 15 дейiн жеткiзiп, оларды Қазақстанның бiрнеше iрi қаласында негiздеу жоспарланып отыр. Kazakhstan Growth Forum 2019пiкiрiнше бiрiншi отандық лоукостер жыл мәмiлесi атанып, «The Best Deal of the Year» номинациясын иемдендi.