Басқарма мемлекеттiк қызмет көрсету туралы тұрғындармен ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiздi

Басқарма мемлекеттiк қызмет көрсету туралы тұрғындармен ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiздi

Ағымдағы жылдың 23-24 қарашасында ақпараттық брошюралар түрiнде мемлекеттiк қызмет көрсету туралы халықпен ақпараттық-түсiндiру жұмысы жүргiзiлдi. Петропавл қаласының автовокзалында жолаушыларға, сондай-ақ халық көп жиналатын жерлерде:

  • өздiгiнен жүретiн шағын көлемдi кемелердi жүргiзу құқығына куәлiктер беру;
  • жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшiн лицензия беру мемлекеттiк қызметтерi бойынша 50 брошюра таратылды.