СҚО-да автомобиль жолдарын салу барысы

СҚО-да автомобиль жолдарын салу барысы

СҚО-да ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарымен 800 шақырым автожол қамтылды. Оның iшiнде 41 ауылдық елдi мекенде 168 км көше-жол желiсi бар, деп хабарлайды СҚО ӨКҚ. Бюджет аясында облыстың барлық аудандарында жолдарды жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Перспективалы ауылдармен, туристiк, мәдени объектiлермен, аудан орталықтарымен және облыстың iрi агроқұрылымдарымен қатынастар басым бағыттар болып табылады. Барлық жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейiн жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарының көрсеткiшi 74%-ға жеттi. «Облыстық маңызы бар автожолдарда жұмыс сапасын бақылау аясында 52 шығу жүзеге асырылды, жол материалдарының 356 сынамасы сынаққа алынды және 59 ескерту анықталды. Барлық анықталған ескертулер жөндеу жұмыстары барысында толығымен жойылды», — деп хабарлады СҚО жолаушылар көлiгi және автожолдар басқармасының басшысы Мақсат Баяхмет ӨКҚ брифингiнде.