Ағымдағы жылдың 20-22 қыркүйек аралығында Солтүстiк Қазақстан облысында «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өттi

Ағымдағы жылдың 20-22 қыркүйек аралығында Солтүстiк Қазақстан облысында «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өттi

Iс-шара алғаш рет Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның Новоишимское ауылында облыс әкiмiнiң орынбасары Сәтжан Әйтенұлы Аблалиевтiң басшылығымен дала жағдайында өткiзiлдi, оған «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» КММ басшысы Мақсат Қуанышпайұлы Баяхмет қатысты.

Оқу-жаттығу шеңберiнде шұғыл ден қою жиынтық жасағын құру, шатырлы лагерьдi және зардап шеккендердi қабылдау пунктiн өрiстету, қиратушы жер сiлкiнiсi ауданына автоколоннаны жылжыту және темiржол платформаларына инженерлiк техниканы тиеу бойынша бес практикалық iс-шара пысықталды.

«Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың, СҚО ТЖ департаментiнiң, шаруашылық жүргiзу объектiлерi мен құралымдардың жедел сипаттағы мiндеттердi шешудегi, Қазақстан Республикасының жер сiлкiнiсiнен зардап шеккен аудандарына күштер мен құралдарды дайындау және жөнелту жұмысының үйлесiмдiлiгi мен тиiмдiлiгiне баға берiлетiн болады».