Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы басшысының Отан қорғаушылар күнiмен құттықтауы

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы басшысының Отан қорғаушылар күнiмен құттықтауы

Құрметтi жерлестер! Құрметтi Отан қорғаушылар!

Сiздердi шын жүректен мерекемен құттықтаймын!

Отан қорғаушылар күнiнiң бiздiң елiмiзде Ұлы күн — Жеңiс күнi қарсаңында атап өтiлуi терең символдық мәнге ие. Бiздiң жас әскерiмiз Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлiкпен шайқасқан ата-бабаларымыздың даңқты дәстүрлерiн жалғастыруда.

Бұл күнi мемлекеттiң, қоғамның және әрбiр қазақстандықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн және Отанымыздың тыныштығын қорғайтын қорғаушыларға құрмет көрсетiледi. Тәуелсiз елге қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау — әрбiр азаматтың қасиеттi парызы.

Отанға деген сүйiспеншiлiк, оның тағдыры үшiн жауапкершiлiк, кез-келген уақытта оны қорғауға дайын болу маңызды құндылықтар болды және болып қала бередi.

Бейбiт уақытта Отанды қорғау — ата-бабаларымыздың даңқты дәстүрлерiн құрметтей отырып, оның игiлiгi үшiн адал еңбек ету.

Құрметтi Солтүстiкқазақстандықтар!

Сiздердi айтулы мерекемен құттықтаймын, отбасыларыңызға бақыт пен бейбiтшiлiк, жақсылық пен амандық тiлеймiн. Тәуелсiздiгiмiз нығайып, көк туымыз асқақтай берсiн. Аспанымыз әрдайым ашық болсын!

Iзгi тiлекпен, басқарма басшысы
М.Қ. Баяхмет