
Жаңа көлік инфрақұрылымы шамамен 1,5 мың адам тұратын Прибрежное ауылын қорғайтын бөгетпен біріктіріледі. Бұл елді мекенмен жыл бойы үздіксіз көлік қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қарға аралында (Вороний аралы) туристік нысандармен қатар, Петропавл қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін бірінші көтерілімдегі стратегиялық маңызы бар сорғы станциясы орналасқан. Бұған дейін су тасқыны кезеңінде ауылға апаратын жол толықтай су астында қалып, адамдарды тасымалдау мен эвакуациялау тек су көлігі арқылы жүзеге асырылатын. Қолайсыз ауа райы жағдайларында бұл азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін.
Жобаның жалпы құны 4,4 млрд теңгені құрайды. Құрылысты аяқтау және жол өткелін пайдалануға беру 2027 жылдың қазан айына жоспарланған.
Дереккөз: ProKadryKz.