
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қатысты кездесу-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Шара барысында мемлекеттік қызметті алу тәртібі, қажетті құжаттар тізбесі, қызмет көрсету мерзімі, өтініш берушілерге қойылатын негізгі талаптар талқыланды.
Шағын көлемді кемелерді пайдалану ережелерін сақтауға және су жолдарындағы қауіпсіздікті арттыруға ерекше назар аударылды.
Халықты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.