Хмельницкое және Целинное ауылдарының тұрғындарымен кездесулер

Хмельницкое және Целинное ауылдарының тұрғындарымен кездесулер

Бүгін аудан әкімі Е. К. Жаров Хмельницкое және Целинное ауылдарының тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізді.

Кездесулер аясында тұрғындарды ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етті. Сондай-ақ, ауданның 2025 жылға арналған даму жоспарлары айтылды.

Кездесу барысында ауыл тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелер, соның ішінде жолдардың жай-күйі, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және абаттандыру мәселелері көтерілді.