Аудан әкімі Е.Қ. Жаровтың төрағалығымен аудан әкімінің орынбасарлары, аумақтық бөлімшелер басшылары, ауылдық округтер әкімдері және жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Күн тәртібінде 2025-2026 жж. жылыту маусымына дайындық, оның ішінде жылу энергетикасы объектілерінде жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету, отынның нормативтік қорын қалыптастыру, әлеуметтік инфрақұрылымның дайындығы, сондай-ақ жылумен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін арттыру және күзгі-қысқы кезеңде ықтимал авариялық жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы мәселе қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша әкімнің орынбасарына, ауылдық округ әкімдеріне, аудандық бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.