Бүгін, 2025 жылғы 7 мамырда, Тимирязево ауылының орталық алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысқан үшін, қиын сәтте батылдық пен жауапкершілік таныта білу үшін, Қызылжар ауданының Тепличное ауылындағы аудандық ұйым қызметкерлері марапатталды.
Аудан әкімі Ерлан Жаров құттықтау сөз сөйлеп, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы және Қызылжар ауданы әкімдерінің алғыс хаттарын табыстады.
«Биыл Отан қорғаушылар күні ерекше мәнге ие — Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтуде. Жеңіс — бұл халықтың бірлігі мен батырлығының белгісі, отансүйгіштіктің, жанқиярлықтың айқын үлгісі.» деп атап өтті өз сөзінде аудан әкімі.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.