Аудан әкімінің Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Отан қорғаушы күніңмен шын жүректен құттықтаймын!

7 мамыр — бұл ерекше күн, ол біздің жауынгерлерімізге деген мақтаныш сезіміне, батырлық пен отаншылдыққа толы. Бұл күні біз Отан алдындағы борышын адал атқарған, еліміздің бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қорғаған барлық азаматтарды қадір тұтамыз.

Ардагерлерге, әскери қызметшілерге, офицерлер мен сарбаздарға шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздердің ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз, борышқа деген адалдығыңыз — жас ұрпаққа үлгі болып, оларды мықты, әділетті және өз жерін қорғауға дайын болуға шабыттандырады.

Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, бейбіт өмір және ауданымыз бен еліміздің игілігі жолындағы жаңа табыстарды тілеймін!