Бүгін Тимирязев ауылындағы орталық алаңда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған жарқын әрі мазмұнды іс-шара өтті.
Таңертеңнен бастап алаңда әуен ойнап, ауданның әрбір ауылдық округі мен ұйымы ұлттық тағамдар, безендіру мен киім үлгілері арқылы халқымыздың көпұлтты мәдени байлығын бейнелейтін этно — аула қойылымдарын ұсынды.
Аудан тұрғындары мен қонақтарына құттықтау сөзін арнаған аудан әкімі Ерлан Жаров бұл маңызды мерекемен шын жүректен құттықтап, достықты, келісім мен бірлікті білдіретінін атап өтті.
Салтанатты бөлім аясында марапаттау рәсімі өтіп, сондай-ақ этномәдени орталықтардың өнер көрсетуі болды: чуваш, татар, неміс, әзірбайжан, қазақ, орыс, беларусь және украин халықтарының дәстүрі мен салт — санасын көрсетті.
Мерекелік көңіл — күй, жылы жүздесу, достық пен ұлттық бірліктің атмосферасы шараға қатысушылардың барлығын біріктіріп, еліміздің мәдени әртүрлілігі мен өзара сыйластығы – оның басты күші екенін паш етті.