Аудан әкімінің Орталық базар аумағында қызмет жүргізетін кәсіпкерлермен кездесуі.

Аудан әкімінің Орталық базар аумағында қызмет жүргізетін кәсіпкерлермен кездесуі.

Бүгін Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ.Жаровтың орталық базар аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Аудан бойынша санитарлық тазарту және абаттандыру жөніндегі үш айлық шеңберінде сауда нүктелерінің тазалығы, тәртібі және сыртқы көрінісін ретке келтіру мәселелері талқыланды.

Іргелес аумақтарды тазалау, сауда орындарының айналасын ретке келтіру, көгалдандыру, гүл отырғызу және қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстарды жұргізу керек.

Аудан әкімі базар маңында тазалық пен тәртіп орнатуда кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығы атап өтілді.