
Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде аудан әкімі Е.Қ. Жаровтың төрағалығымен жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру мәселелері бойынша жұмыс тобының отырыстары өтті.
Кеңестер аудан әкімінің орынбасарларының, бөлімдер, аумақтық органдар басшыларының, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен Интернационал және Құртай ауылдық округтерінде өтті.
Кездесулер барысында салық декларациясы, шаруа қожалықтарының қызметкерлеріне жалақы төлеу, сондай-ақ бизнестің халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі мәселелері талқыланды.