
Бүгін, ағымдағы жылдың 9 сәуірде, менің төрағалығымен кіріс бөлігін толықтыру мәселелері бойынша жұмыс тобының көшпелі отырыстар өткізілді.
Кеңестер Комсомол және Докучаев ауылдық округтерінде аудан әкімінің орынбасарларының, бөлім және аумақтық-атқарушы органдар басшыларының, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер басшыларының қатысуымен өтті.
Кездесулер барысында салық декларациясы, шаруа қожалықтарының қызметкерлеріне жалақы төлеу, сондай-ақ бизнестің халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі мәселелері талқыланды.