Жұмыс тобының отырысы

Жұмыс тобының отырысы

Аудан әкімінің төрағалығымен кіріс бөлігін толықтыру мәселелері бойынша жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті. Мәжілістер Целинный және Хмельницкий ауылдық округтерінде аудан әкімінің орынбасарларының, бөлім басшыларының, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер басшыларының қатысуымен өтті.

Кездесу аясында салық декларациясы, шаруа қожалықтарының қызметкерлеріне жалақы төлеу, сондай-ақ бизнестің халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі мәселелері талқыланды.