Аудан әкімінің 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы!

Аудан әкімінің 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы!
Құрметті Тимирязев ауданы тұрғындары!
 
Биылғы жылы Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Біз біргеміз» ұранымен ерекше форматта өтуде.
 
Бүгін біз жалпы жұртшылықты тарта отырып, ауқымды сенбілік өткіземіз. Бұл күн бірлік пен ынтымақтың мәңгілік символына айналсын.
 
Алғашқы нағыз шуақты күндердің жылуы жаңа жетістіктерге күш пен қуат, ал күнделікті жұмысыңыз тек қуаныш пен қанағат әкелсін.
 
Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, бақыт, амандық пен өркендеу тілеймін!
 
 
Құрметпен, аудан әкімі Ерлан Жаров