Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі студенттер үшін есігін ашты!

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі студенттер үшін есігін ашты!

Таланттар пулына-мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жанынан құрылған Жас мемлекеттік қызметшілер мектебін табысты бітірген жас қазақстандықтар - жоғары оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері кіреді. Таланттар пулында болу мерзімі сертификат алған сәттен бастап 1 жылды құрайды.

Қатысушылардың мемлекеттік қызметке Таланттар пулына түсу тәртібі мен шарттары ҚР мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті жанындағы Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі 2018 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде оның түлектері ретінде  М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің жүзден астам студенті болды, олардың 20% оқу орнын бітіргеннен кейін мемлекеттік қызметке орналасты.

 Бұл жоба жастарға мемлекеттік қызметтің тартымдылығын көрсету және мемлекеттік қызметке ең дарынды жастарды тарту болып табылады.

А.ж. қыркүйекте М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің, Солтүстік Қазақстан кәсіби педагогикалық және Гуманитарлық-техникалық колледждердің 58 бітіру курсы студенттері тіркелді.

Мектептің ашылуы а.ж. 28 қарашада өтті, онда студенттер департамент белгілеген тақырыптардың біріне эссе жазды. Эсселерді өндірістік тәжірибеден өту үшін таңдаған мемлекеттік органдар бағалады. Бүгінгі таңда 37 студент оқудың келесі кезеңіне өтті.

2024 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында студенттер Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында оқу бағдарламасын меңгереді. Дайындық бағдарламасы мемлекеттік қызметке кіру үшін қажетті құзыреттерді арттыру курстарын қамтиды.

Мемлекеттік органдарда өндірістік практика 2024 жылдың мамыр айында өтеді, қатысушылар өздерінің болашақ мамандықтарының бейініне қарай мемлекеттік органдарды таңдап алды. Практика кезеңінде студенттер белгілі бір қызмет саласының дамуын қалай көретіндігі туралы жобаларды ұсынады. Өндірістік практика аяқталғаннан кейін мемлекеттік органның басшысы ұсыныммен қатысушы туралы пікір береді.

Соңғы кезеңде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген тәртіппен және шарттарда заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден өтеді. Тестілеуден сәтті өткеннен кейін қатысушыларға оқуды аяқтағаны және Таланттар пулына қабылданғандары туралы сертификат беріледі.

Таланттар пулына қабылданған адамдарды жұмысқа орналастыру мониторингін Департамент жүргізетін болады.

Департамент университеттің және колледждердің бітіруші курс студенттерін жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің жұмысына қатысуға шақырады, өйткені бұл мектеп Сіздердің мемлекеттік қызметтегі еңбек жолыңыздың басында қосымша білім көзі болып табылады.

 

Әлпия Мұхамеджанова,

Қазақстан Республикасы СҚО бойынша

Мемлекеттік қызмет істер агенттігі департаментінің  Мемлекеттік қызмет

басқарманың бас маманы