Ауылдық округтері әкімдерінің ұсынысы

Ауылдық округтері әкімдерінің ұсынысы
Бүгін 2023 жылғы 28 қарашада әкімдіктің үлкен залында актив жиналысы өтті, онда аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Е. Макенова өткен сайлаудың нәтижелерін жариялап, жаңадан сайланған ауылдық округ әкімдеріне куәліктер тапсырды.
 
Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Тимирязев ауданында 3 округте ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Сайлау нәтижесі бойынша: Тимирязев ауылдық округінің әкімі – Нұрикенов Мақсат Бөгенбайұлы, Интернационал ауылдық округінің әкімі - Темір Азамат Аманжолұлы,
Ленин ауылдық округінің әкімі - Райымбеков Еркебұлан Ермекұлы сайланды.