"Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы Жарлығына сәйкес, бүгін ағымдағы жылдың 23 қарашасында аудан әкімі Куран Жаров Құртай және Ақжан ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер өткізді. Кездесулерге құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың басшылары да қатысты. Кездесулер сындарлы диалогта өтеді: ағымдағы мәселелер, ауылдарды дамыту жоспарлары талқыланады. Тұрғындар қосымша жарықтандыру, сумен жабдықтау, абаттандыру мәселелерін көтерді. Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді, бірқатар сұрақтар бақылауға алынды.