Аудан әкімінің 2023 жылғы 26 қаңтарда халықпен кездесуі

Аудан әкімінің 2023 жылғы 26 қаңтарда халықпен кездесуі
Тұрақты кездесулер кестесіне сәйкес, а.ж. 27 қаңтарда аудан әкімі Е.Қ.Жаров Құртай және Ақжан ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Кездесулерге аудан прокуроры, полиция бөлімі бастығының орынбасары, аудандық атқарушы органдардың басшылары қатысты.
Ерлан Қайырұлы ауданның 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы айтып, алдағы кезеңге арналған даму жоспарларымен бөлісті. Тұрғындар әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелерді көтерді. Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді. Бірқатар мәселелер бақылауға алынды.