Аудан әкімі 2023 жылғы 26 қаңтарда халықпен кездесу өткізді

Аудан әкімі 2023 жылғы 26 қаңтарда халықпен кездесу өткізді

Бүгін 2023 жылғы 26 қаңтарда аудан әкімі Е.Қ. Жаров Дмитриев және Интернационал ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге аудан прокуроры, полиция бөлімі бастығының орынбасары да қатысты. Ерлан Қайырұлы тұрғындарды ауданның 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы айтты, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Аудан әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды жөндеу, сумен жабдықтау, көшелерді жарықтандыру мәселелерін көтерді. Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді, бірқатар сұрақтар бақылауға алынды.