Аудан әкімі Дмитриев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Аудан әкімі Дмитриев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Аудан әкімі Ерлан Жаров 17.11.22 ж. Дмитриев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудан прокуроры, аудандық мәслихат хатшысы қатысты. Аудан әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында болған оң өзгерістер туралы айтып, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Тұрғындар әлеуметтік сипаттағы сұрақтарды көтеріп, оларға тиісті жауаптар алды. Бірқатар мәселелер бақылауға алынды.