Москворецкое ауылының тұрғындарымен кездесу

Москворецкое ауылының тұрғындарымен кездесу

Аудан әкімі Е.Қ. Жаров а.ж. 22 қыркүйекте Москворецкое ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы, аудан прокуроры, полиция бөлімі бастығының орынбасары қатысты. Аудан әкімі ағымдағы жылдың 8 айында ауданда атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы кезеңге арналған даму жоспарларымен бөлісті. Ауыл тұрғындары көшелерді сумен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді. Бірқатар мәселелер бақылауға алынды. Кездесу соңында Е.Жаров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.