Аудан әкімі Комсомол ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Комсомол ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Бүгін 21.09.2022 аудан әкімі Е.Қ. Жаров Комсомол ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге жергілікті полиция қызметінің бастығы, аудандық атқарушы органдардың басшылары, аудандық мәслихат депутаты қатысты. Ерлан Қайырұлы ағымдағы жылдың 8 айында ауданда атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы кезеңге арналған даму жоспарларымен бөлісті. Тұрғындар интернет желісінің сапасыз жұмысы туралы мәселені көтерді. Барлық сұрақтарға түсініктемелер беріліп, бірқатар сұрақтар бақылауға алынды.