Аудан әкімі Белоградов ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Белоградов ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Бүгін 20.09.2022 аудан әкімі Е.Қ. Жаров Белоградов ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы, аудан прокуроры, жергілікті полиция қызметінің бастығы, аудандық атқарушы органдардың басшылары қатысты. Аудан әкімі ағымдағы жылдың 8 айында ауданда атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы кезеңге арналған даму жоспарларымен бөлісті. Тұрғындар су тарату желілерін жөндеу, автобус аялдамасын орнату мәселелерін көтерді. Түсініктемелер берілді, сұрақтар бақылауға алынды.