Тимирязев ауданында қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың ұрпақтары болып қайтты. Сәбит Мұқанұлының немерелері Адай Ботажанұлы мен Гаухар Алматы қаласынан арнайы ұшып келді. Олардың назарына аудандық Мәдениет үйінде кітап көрмесі ұсынылды. Одан әрі бағдарлама бойынша «Арлан» хоккей корты мен «Ақ сұңқар» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің тұсаукесері өтті. Имамның қатысуымен қонақтар Мұхаммеджан молда атындағы аудандық мешітке болды. Докучаев ауылының кітапханасында мектеп оқушыларымен іс-шара өткізілді, онда балалар жазушының шығармаларынан үзінділер оқыды, сондай-ақ естелік кәдесыйлар табыс етілді. Іс-шара соңында "Атамекен Агро" ЖШС директоры С.Н. Бекендаевпен кездесу өтті.