«e-Salyq Business» қосымшасы - кәсіпкерлер үшін жаңа мобильді мүмкіндіктер

«e-Salyq Business» қосымшасы - кәсіпкерлер үшін жаңа мобильді мүмкіндіктер

«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы - жаңа цифрлық шешім жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге арналған, бұл жаңадан тіркелген кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

 Салық кодексінің ағымдағы жылдан бастап қолданысқа енгізілген ережелеріне сәйкес аталған қосымша арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланумен немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің салық міндеттемелері мен әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерін орындауын оңайлатуға арналған.

Қосымшаның функционалы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға және өзгертуге, чектер беруге, кірістер тізілімін қалыптастыруға және салық және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді қосымшамен автоматты түрде есептеу үшін қызметкерлердің кірістерінің есебін жүргізуге және оңайлатылған декларацияның тиісті жолдарын толтыруға мүмкіндік береді. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер «e-Salyq Business» мобильді қосымшасының пайдаланушылары бола отырып, патент құнының есеп-қисабын ұсынудан және табыс алғанға дейін алдын ала (аванспен) салық және әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылады. Қосымшамен есептелген жеке табыс және әлеуметтік салық сомасын Электрондық Үкіметтің төлем шлюзінде жарияланған Халық банкінің сервисімен интеграцияны пайдалана отырып, тікелей мобильді қосымшада төлеуге болады.

 Бұдан басқа, кәсіпкерлердің ыңғайлылығы үшін қосымшада Салық әмиянының сервистері (оның ішінде берешекті қарау және өтеу, артық төлемді басқару бойынша), мемлекеттік кірістер органдарының бірқатар хабарламаларын алу, сондай-ақ, жеке кәсіпкер қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату сервисі қолжетімді.

Қосымша «Play Market», «App Store» және «App Gallery» алаңдарында қолжетімді. Қосымша функционалдылықты кеңейту бөлігінде мүмкіндігіне қарай жетілдетілетін болады.

2022 ж. 02.08.
Тимирязев ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы