Дзержинское ауылының тұрғындарымен кездесу

Дзержинское ауылының тұрғындарымен кездесу

Аудан әкімі а.ж. 28 шілдеде Дзержинское ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудан прокуроры, аудандық мәслихат хатшысы, полиция бөлімі бастығының орынбасары, ауыл жұртшылығы, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысты. Аудан әкімі ағымдағы жылдың 6 айында ауданда атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы кезеңге арналған даму жоспарларымен бөлісті. Тұрғындар мал азығымен қамтамасыз ету, медициналық пунктті жөндеу, сапасыз ұялы байланысы, сумен жабдықтау мәселелерін көтерді. Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді. Бірқатар мәселелер бақылауға алынды.