Шаңғы жарысы бойынша облыс чемпионаты

Шаңғы жарысы бойынша облыс чемпионаты

20-22 қаңтар аралығында Петропавл қаласында шаңғы жарысы бойынша БЖСМ арасында облыс чемпионаты өтті. Тимирязев командасы лайықты нәтиже көрсетті. Біздің шаңғышылар 2 күнде 8 медаль (5 алтын және 3 күміс) жеңіп алды

Гурьянова Анастасия 2008-2009 ж. т. қыздар арасында коньки және классикалық жарыста 2 жеңіске жетті.

Суров Роман коньки жарысында бірінші және ең жас ұлдар арасында классикада екінші болды. Сол жас тобында Тарасов Никита классикада чемпион және конькиде екінші болды.

Ең жас қыздар арасында Цокур Эвелина классикалық жарыста чемпион атанды.

Жеребило Роман 2006-2007 ж. т. жас тобында классикалық жарыста екінші орын алды.

Жалпыкомандалық нәтижеге үлкен үлес қосқан: Яковлев Яков, Захарчук Дарья, Шимановская Софья, Амандық Әлижан, Луценко Глеб және Луценко Максим.