Бюджеттерді қарастырды

Бюджеттерді қарастырды

Н. З. Алиевтің төрағалығымен аудан әкімі Н. М. Кеңесовтің, аудандық мәслихаттың хатшысы А. С. Асанованың қатысуымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.

Депутаттар екі нормативтік құқықтық актіге қатысты құжаттар пакетін қарады: 2022-2023 жылдарға арналған СҚО Тимирязев ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы; Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 44/7 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Депутаттық корпус ауылдық округтердің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттеріне ерекше назар аударды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің баяндамаларын талқылау барысында депутаттарды меншікті қаражаттың нысаналы бағытталуы, әлеуметтік сала объектілерінің жағдайы, сумен қамтамасыз ету, кентішілік жолдар, жарықтандыру; олардың келешекте жөнделуі, осы мақсаттарға әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалардың болуы мәселелері қызықтырды.

Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдерінің атына мемлекет қаражаты бөлінетін құрылыс, жөндеу процестерін қатаң бақылауға алу, осы қызметке жұртшылықты белсенді тарту туралы ұсыныстар айтылды.

Қаралған мәселелер бойынша шешімдердің жобалары аудандық мәслихаттың IX сессиясының бекітуіне енгізілді.