Бюджет-2022: түпкі нәтиже үшін жұмыс істеу

Бюджет-2022: түпкі нәтиже үшін жұмыс істеу

Тимирязев аудандық мәслихаттың VII шақырылымы қызметінің бірінші жылын аса маңызды қаржылық құжат — ауданның 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін талқылаумен және бекітумен аяқтады.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г. Қ. Қожахметова алдағы жылға арналған аудан бюджетінің жалпы көлемі салықтық және салықтық емес түсімдердің, трансферттердің болжамын ескере отырып, 3 млрд. 715 млн. 088 мың теңгені құрайтынын баяндады.

Сессия қатысушыларының алдында сөз сөйлеген аудан әкімі Н. М. Кеңесов ағымдағы жылы бірқатар маңызды жобаларды іске асыруға қол жеткізілгенін атап өтті: хоккей корты мен Москворецкое ауылындағы су тегеурінді мұнарасының құрылысы, осы жұмыстың тағы сегіз елді мекендегі қомақты қоры, аудандық Мәдениет үйі мен Тимирязев жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының күрделі жөндеуі, жолдарды жөндеу және басқалар.

Келесі жыл да үлкен үмітпен байланысты: сумен қамтамасыз ету нысандарын, жолдарды жөндеу жұмыстары жалғастырылмақ, мәдениет саласына жұмсау қажет — Интернационал, Хмельницкий клубтарын, АМҮ жөндеуге қаражат бөлінді, енді басқа ауылдық округтердің де уақыты келді. Алда спорттық кластерді аяқтау міндеті тұр: «Жастар» стадионында жасанды газон төсеу, тартан жолдарын жаңарту.

Жоспарлар көп, жұмыс сапасына, бюджет қаражатының игерілуіне мониторинг жүргізу керек, бұл жұмыс халықтың әл-ауқатына қалай әсер еткені туралы қорытынды жасау керек, — деп түйіндеді аудан әкімі.

Осылайша, шығыстар бөлігінде аудан бюджеті әлеуметтік бағыттылықты сақтайды. Ол бірауыздан депутаттық корпуспен бекітілді.

Бұдан әрі тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаралған шешімдер, сондай-ақ 2022 жылы депутаттар мен аудандық мәслихат аппаратының қызметін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдер қабылданды.

Сессия соңында аудандық мәслихат хатшысы А. С. Асанова атқарушы органдарға үлкен жұмысы үшін алғысын білдіріп, барлығын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, амандық, алға қойған жоспарлардың іске асуын тіледі.