Бақылау

Бақылау

Тимирязев аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының жұмыс жоспарына енгiзiлген мәселелердi дайындау шеңберiнде Тимирязев аудандық мәслихаттың хатшысы А.С. Асанова және депутаттар А.В. Кашин, А.Б. Мусин, Н.А. Жарасбаев Тимирязев ауылындағы орталық қазандыққа жылыту маусымына дайындық мәселесi бойынша барды.

Сонымен қатар аудандық мәслихаттың хатшысы А.С. Асанова және депутаттар А.В. Кашин, Г.М. Воробьева Целинный, Хмельницк және Комсомол ауылдық округтерiн аралап шықты. Сапар барысында аталған округтердiң денсаулық сақтау, бiлiм беру және жергiлiктi полиция қызметiнiң жұмысы салаларындағы iстердiң және қысқа дайындығы жай-күйiмен танысты.