ҮЕҰ назарына! ҮЕҰ үшін сыйлықақы алуға өтінімдерді қабылдау басталады!

ҮЕҰ назарына! ҮЕҰ үшін сыйлықақы алуға өтінімдерді қабылдау басталады!

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылғы
1 шілдеден бастап 1 қыркүйекке дейін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайтын болады.

Өтінімдерді қабылдау «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңның 5-бабында белгіленген 15 бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Қатысуға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдар жіберіледі.

Бір ғана үкіметтік емес ұйым сыйлық алуға бір номинациядан артық номинация бойынша ұсыныла алмайды. Сыйлық алғаннан кейін үш жыл ішінде оны алуға қайта ұсынуға жол берілмейді.

Төмендегі құжаттарды ұсына отырып, сыйлық алуға өтінім беруге шақырамыз:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш;

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;

3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);

4) соңғы 3 (үш) жылда ұсынылған бағыт бойынша жобалардың іске асырылуын және бірлескен жұмыстың қол жеткізілген нәтижелерін растау мақсатында байланыс деректерін көрсете отырып, жұртшылық (ҮЕҰ) және (немесе) мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);

5) ҮЕҰ құрылтай құжаттарының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (анықтаманың) көшірмелері;

6) банк шотының болуы туралы анықтама (түпнұсқа).

7) ізденушінің немесе ізденуші туралы мақалаларының, жарияланымдарының көшірмелері (болған жағдайда); марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттарының көшірмелері (болған жағдайда).

Сыйлық алуға үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну туралы сұрау салулар Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне 1 шілдеден бастап 1 қыркүйекті қоса алғанда (сағат 18:30-ға дейін) пошта арқылы беріледі ueu_syilygy@qogam.gov.kz (PDF форматында) және (немесе) қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (CD-дискілерде немесе DOC, DOCX, PDF форматында USB-флэш-жинақтаушыларда) Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

Анықтама телефондары +7 (702) 376 84 00, +7 (705) 101 59 05, +7 (702) 714 63 24, +7 (7172) 74 09 97, 74 02 17, 74 05 11.

Сіздерді күтеміз және конкурсқа белсенді қатысуды сұраймыз!

сыйлық беру ережелеріне сілтеме http://10.61.42.188/rus/docs/V1800017041#z77