СҚО бойынша экология департаментінің жұмыс сапары

СҚО бойынша экология департаментінің жұмыс сапары

Бүгін Тимирязев ауданына Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінің өкілдері жұмыс сапарымен келді. Олардың қатарында Департамент басшысының міндетін атқарушы Садуев Жаслан Серікпаевич, Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы Ким Елена Анатольевна және Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Мапенов Асхат Әділбекович бар.

Кездесу барысында экологиялық реттеу, экологиялық заңнама талаптарын сақтау және мемлекеттік экологиялық бақылау мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша экологиялық қауіпсіздік пен табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтау бағытында бірлескен жұмыстың алдағы бағыттары айқындалды.